Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

 ҚПЛ: «Ақтөбе» биылғы біріншілікті ірі жеңіспен бастады

 ҚПЛ: «Ақтөбе» биылғы біріншілікті ірі жеңіспен бастады

«Ақтөбе» футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымын ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ақтөбелік команда бірінші турда қостанайлық «Тобыл» командасымен шеберлік байқасты.

Екі команда биылғы біріншілікте жоғары орыннан көрінуді қалайды. Сондықтан жанкүйерлер олардан қызықты ойын күтті.

Ақтөбелік клуб алғашқы минуттан шабуылға көңіл бөлді. Ойынның 24-минутында ақтөбелік клубтан Даниэль Соса есеп ашса, 46-минутта Айдин Зелькович басымдықты арттырды.

Ал Тимур Досмағамбетов 68-минутта мергендік танытса, оған 72-минутта қостанайлық клубтан Жаслан Жұмашев бір голмен жауап қайырды. 

«Ақтөбе» сапынан Иван Ордец 74-минутта біріншіліктегі бірінші голын соқты.

Осылайша олар қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Бұл ойында ақтөбелік клуб сапында белгілі футболшы Нани алғашқы кездесуін өткізді.

Сондай-ақ бірінші турда «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Елімай» (Семей) 1:1 есебімен тең түссе, алматылық «Қайрат» сырт алаңда өскемендік «Алтайды» 1:0 есебімен жеңді.  

Енді бүгін «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ертіс» (Павлодар) ойнаса, 8 наурызда «Қызылжар» (Петропавл) мен «Каспий» (Ақтау), «Атырау» мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана), «Астана» мен «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»