5 сағат бұрын
Виктор Мозес «Қайсар» сапына қашан қосылатыны белгілі болды
Фото: Әділжан Үмбет
Қызылордалық «Қайсар» командасының спорт директоры Алдан Балтаев команданың жұлдызды футболшысы Виктор Мозестің ҚПЛ-дің бірінші турына қатысу мүмкіндігі жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Виктор Дубайға жүгін жинап, отбасын Қызылордаға көшіру үшін кеткен еді. Сол кезде саяси жағдай нашарлады. Қазір Сыртқы Істер министрлігінен және басқа да билік органдарымен мәселені шешу бағытында жұмыс жүргізілуде. Оны Қазақстанға алып келу үшін келіссөз жүргізілуде. Өйткені ол - біздің клубтың ойыншысы. Оның қашан келетіні әлі белгісіз, бірақ алдағы күндері жағдай жақсарады деп үміттенеміз, - деді Балтаев.
Еске салсақ, қызылордалық клуб 8 наурызда алғашқы турда өз алаңында елордалық «Жеңіс» командасын қабылдайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»