Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

ҚПЛ-дегі қазақстандықтардың үлесі қанша?

ҚПЛ-дегі қазақстандықтардың үлесі қанша?

Қазақстан Премьер-Лигасы 2026 жылғы маусымына қатысатын клубтардың ойыншылар құрамына қатысты статистика жарияланды. Нәтижесінде командалар өтініміндегі қазақстандық футболшылардың үлесі белгілі болды.

Мәліметке сәйкес, чемпионатқа тіркелген ойыншылардың 67,7 пайызы — қазақстандықтар.

Ал шетелдік футболшылар арасында ең көп өкіл Беларусьтен — 14 ойыншы (3,6%). Одан кейін Ресей — 12 ойыншы (3,1%), Сербия — 11 (2,8%), Украина — 10 (2,6%) және Бразилия — 9 футболшымен (2,3%) тізімді толықтырады.

Жалпы, Қазақстан Премьер-Лигасы 2026 жылғы маусымына 16 клуб қатысады:

Ақтөбе, Астана, Қызылжар, Қайрат, Ертіс, Ордабасы, Елімай, Жеңіс, Қайсар, Оқжетпес, Атырау, Ұлытау, Каспий, Алтай, Жетісу және Тобыл.

Айта кетейік, өткен маусымда чемпионатқа 14 команда қатысқан еді. Ал 2026 жылдан бастап клубтар саны 16-ға дейін көбейтілді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»