3 сағат бұрын
Бабаян Нұрали Жақсылықтың неге тізімде жоқ екенін түсіндірді
Қазақстан Премьер-лигасының 1-туры аясында өткен «Астана» – «Жетісу» матчынан кейін елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян жас ойыншы Нұрали Жақсылықтың не себепті команда тізімінде жоқ екенін түсіндірді. Ол бұл сұраққа Sport12.kz сайтының журналисіне берген сұхбатында жауап берді.
Бапкердің айтуынша, футболшы клубтан кеткен жоқ және жақын уақытта командаға қайта қосылады.
«Нұрали ешқайда кеткен жоқ. Белгілі бір жағдайларға байланысты әзірге тізімге енбей қалды. Бізде әлі уақыт бар, жақын арада бәрі реттеліп, ол командаға қосылады. Оның «Оқжетпеске» ауысады деген ақпарат – жалған», – деді Григорий Бабаян.
Айта кетейік, кездесу «Астананың» 4:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Матчта елордалық команда сапынан бірнеше жас ойыншы алаңға шығуға мүмкіндік алды. Мақсат Абраев негізгі құрамда ойнап, гол соқты. Ал ойынның соңғы минуттарында тағы бір жас талант – Руслан Уәлихан алаңға шықты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»