8 сағат бұрын
«Атырау» клубы киберфутбол лигасына қатысатындығын ресми мақұлдады
Қазақстанда алғаш рет өтетін киберфутбол лигасында «Атырау» клубының намысын кім қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Клуб өзінің ресми парақшасында eKPL турнирінде «мұнайшылардың» атынан Ердәулет Амангерейдің қатысатынын растады.
Ол кибер спортта Студенттер лигасының 2 дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының бірнеше мәрте жүлдегері саналады.
Айта кетейік, eKPL турнирі ЕА SPORTS FC 26 ойынының Ultimate Team режимінде өтеді. Турнир жеңімпазы Қазақстан атынан еChampions League жарысына жолдама алады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов