3 сағат бұрын
Бауыржан Исламхан 606 күннен кейін футболға қайта оралды
Фото: ҚФФ
Бауыржан Исламхан 606 күннен кейін жасыл алаңға қайта оралды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай қорғаушы «Астана» командасы сапында Қазақстан Премьер-лигасы бірінші турында «Жетісуға» қарсы негізгі құрамда ойынға қатысты.
Бауыржан Исламхан 1993 жылы дүниеге келген, Тараз футболының түлегі. Команда сапында 2011-2012 жылдары ойын көрсетті.
Оған қоса қазақстандық және Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» клубының намысын қорғады.
Биыл еліміздің «Тұран» және «Астана» клубтарымен келісімшартқа қол қойған еді. Дегенмен екі команда да ойын көрсете алған жоқ.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан 2023 жылдың басында екі жылдық қатысу құқығының уақытша тоқтатылуын өтеп болғаннан кейін «Ордабасыға» қосылған еді. Сол маусымда ол командаға Қазақстан чемпионатында алғаш рет жеңіске жетуге көмектесті. 2024 жылдың желтоқсанында футболшы жол апатына ұшырап, өткен маусымда бір де бір ойын өткізбегені белгілі болды.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2012 жылдан бері 56 ойында 4 гол соқты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»