3 сағат бұрын
Ғалымжан Кенжебек РПЛ-да тұсаукесер ойынын өткізді
Фото: «Ахмат» футбол клубы
Ресейлік «Ахмат» командасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-Лигасында тұсаукесер ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық футболшы РПЛ-дің 20-шы турының 87-ші минутында мәскеулік «Локомотивке» қарсы кездесуде тағы бір отандасымыз, шабуылшы Максим Самородовты алмастырды. Кенжебек шыққан кезде Мәскеудегі матчтың есебі 2:2 болды. Айта кетейік, осы матчта «Ахматтың» екінші голы Самородов 26-минутта голмен ерекшеленді.
Еске салсақ, Ғалымжан Кенжебек 2026 жылдың 10 қаңтарында еркін агент құқығында «Ахматтың» ресми ойыншысы болды. Келісім 4,5 жылға есептелген (2030 жылдың жазына дейін).
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»