2 сағат бұрын
Элгуджа Лобжанидзе ҚПЛ-да 80 ойын өткізді
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
Өткен жексенбіде «Жеңіс» командасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе Қазақстан Премьер-Лигасындағы 80-ші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол өзінің мансабында клубтық деңгейде 300-ші ойынын өткізіп, маңызды белесті бағындырды.
Кәсіби мансабында Элгуджа өзін нәтижелі шабуылшы ретінде көрсете білді: оның еншісінде 71 гол бен 16 нәтижелі пас бар.
«Сары-қаралар» сапында Элгуджа шабуыл шебінің басты күшіне айналып үлгерді. Ол клуб үшін 13 ойын өткізіп, 4 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»