Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Георгий Зариа жаңа клубпен келісімшартқа қол қойды

Георгий Зариа жаңа клубпен келісімшартқа қол қойды

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Грузиялық жартылай қорғаушы Георгий Зариа сол елдің «Динамо» (Тбилиси) командасына қайта оралды, деп хабаралйды Sport12.kz.

Георги Зариа 1997 жылы дүниеге келген. Алматылық клуб сапында 2024 жылдан бері ойын көрсетті. Биыл команда құрамынан кетті.

2024 жылғы маусымды Зариа жоғары деңгейде өткізіп, 30 матчта 15 нәтижелі әрекетке қатысып, Қазақстан Премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атанды. Чемпионаттың соңғы турында «Атырауға» қарсы матчта жалғыз әрі шешуші гол соғып, «Қайратқа» чемпиондық титул әкелді. 2025 жылғы маусымда да ол командаға ел чемпионы атануға, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті.

«Қайрат» құрамында Зариа жалпы 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»