4 сағат бұрын
«Ордабасы» әлем чемпионын шақырудан бас тартты
Шымкенттің «Ордабасы» клубы 1998 жылғы әлем чемпионы, француз бапкер Патрик Виейраны бас бапкер етіп шақырудан бас тартты, деп хабарлайды AmanVIBE.
Виейра 2025 жылғы қарашадан бері жұмыссыз. Ол бұған дейін «Ницца» (Франция), «Кристал Пэлас» (Англия), «Страсбур» (Франция) және «Дженоа» (Италия) командаларын басқарған.
Дереккөздің мәліметінше, Виейра «Ордабасыдан» жылдық бір миллиард теңге көлемінде жалақы сұраған. Ал клуб жаңа басшылығы француз бапкерге үш есе аз мөлшер ұсынуға дайын болғандықтан, келіссөздер нәтижесіз аяқталды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»