4 сағат бұрын
ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетеді
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория 11 наурызда өз қызметінен босатылады. Сол күні ҚФФ Атқару комитетінің кезектен тыс отырысында уақытша бас хатшы тағайындалуы жоспарланған.
Сонымен қатар, жиында федерацияда бұрын жойылған вице-президент лауазымын қайта енгізу мүмкіндігі де қарастырылуы мүмкін.
Давид Лория 2025 жылғы 2 сәуірден бері ҚФФ бас хатшысы қызметін атқарған, ал бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасында 46 матч өткізген кәсіби футболшы болған.
ҚФФ құрылымында алдағы уақытта тағы өзгерістер күтілуде.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»