Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 10 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында қазақстандық команда сәтті ойын көрсете білді. Алғашқы кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде елордалық хоккейшілер екі гол соқса, үшінші кезеңде тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеді.

«Амур» (Хабаровск, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

0:1 - Өмірбеков (Қайыржан, Савицкий) - 21:43

0:2 - Веккьоне (Уолш, Томпсон) - 39:28 

0:3 - Веккьоне (Масси, Морелли) - 58:51 

Қақпашылар: Дорожко - Бояркин

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Бұл - елордалық клубтың қатарынан екінші жеңісі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» сырт алаңда Шанхай Дрэгонс» командасынан басым түсті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 49 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Амур» 57 ұпаймен 17-орында келеді.

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.


 



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»