Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Премьер-лиганың алғашқы турында неше футболшы дебют жасады?

Премьер-лиганың алғашқы турында неше футболшы дебют жасады?

Қазақстан чемпионатының бірінші турында Премьер-лигада 63 футболшы алғаш рет дебют жасады, олардың 13-і қазақстандық футболдың түлектері, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ең көп дебютант «Алтай» мен «Ертіс» командаларында - 7-ден, ал «Ақтөбе» клубында - 6 ойыншы. Ең азы «Қайрат», «Жеңіс», «Астана» клубтарында - 2-ден, ал «Атырау» мен «Жетісу» командаларында - 1-ден тіркелді.

63 дебютанттың ішінде 13 ойыншы қазақстандық футболдың тәрбиеленушілері:

Мохаммед Еңсебаев («Оқжетпес»), Досжан Кенжегулов, Әбілқайыр Әлиакбар, Жаннұр Көкеев, Сергей Иванов (барлығы «Алтай»), Мирам Киікбаев («Ақтөбе»), Әли Тұрғанов, Мағжан Тоқтыбай (екеуі де «Ордабасы»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Нурсейт Бердеш («Атырау»), Мүслім Жұмат («Қайсар»), Мақсат Абраев, Руслан Уәлихан (екеуі де «Астана»).

Қалған 50 футболшы жақын және алыс шетел елдерінің өкілдері.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»