3 сағат бұрын
Futures Cup турнирі: қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бүгін, 10 наурыз күні Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Futures Cup халықаралық турнирінде жастар арасында 5 отандасымыз шаршы алаңға шығып, олардың 2-і жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел құрамасынан 1/16 финалда 50 келіде 1/16 финалда Арман Мырсабит грузиялық Шалва Беридзені 2-раундта техникалық нокаутпен жеңсе, 60 келіде
Жасмин Абрамян польшалық Мария Горзеланнаны 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал 51 келіде 1/16 финалда Айым Танкибаева өзбекстандық Назокат Мардоноваға 0:5 еесбімен жеңілсе, 54 келіде 1/8 финалда Марал Төлепберген үндістандық Джойшри Деви Широмға 3-раундта есе жіберді.
Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Асылай Мұрат пен өзбекстандық Мафтуна Мусурмонованың жекпе-жегінде отандасымыз жарыстан шеттетілді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»