6 сағат бұрын
«Атырау» клубы шетелдік легионермен күшейді
«Атырау» нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен трансфер жасағанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиу «Атырау» футбол клубының ойыншысы атанды. 26 жастағы футболшы командада 4-нөмірлі жейдені таңдады.
Марио Рабиу кәсіби мансабын Италияның «Модена» клубында бастаған. 2019 жылғы 21 қазанда ол Италияның Серия C чемпионатында «Фермана» клубына қарсы матчта дебют жасап, алғашқы ойынын өткізді.
2023 жылғы 3 қаңтарда ол «Витербезе» клубымен келісімшартқа қол қойды. Кейін Албанияның «Скендербеу» клубына ауысып, 2023 жылғы 26 тамызда Албания чемпионатында «Эгнатия» командасына қарсы алғашқы матчын өткізді.
2025 жылғы 21 ақпанда ол «Ақтөбе» клубына ауысып, Қазақстан Премьер-лигасында команда сапында 5 матч өткізді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов