Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Грузиялық футболшы Қазақстан Премьер-лигасында мерейтойлық ойынын өткізді

Грузиялық футболшы Қазақстан Премьер-лигасында мерейтойлық ойынын өткізді

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Грузиялық футболшы Зураб Тевзадзе Қазақстан Премьер-лигасында мерейтойлық ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде елордалық «Жеңіс» командасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Астаналық клубтың 8 наурыздағы Қызылордада жергілікті «Қайсармен» өткен кездесуде Зураб Тевзадзе Қазақстан Премьер-Лигасындағы 50-ші матчын өткізді. 

- Осынау елу матчтың ішінде қорғаушымыз тек қорғаныстағы сенімділігімен ғана емес, шабуылдағы нәтижелі іс-қимылдарымен де көзге түсті: оның еншісінде 3 гол бен 2 нәтижелі пас бар. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Зураб 8 сары қағаз алып, алаңдағы ымырасыз күрескер екенін дәлелдеді, - деп мәлімдеді команданың баспасөз қызметі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»