10 сағат бұрын
«Алтай» Астанаға бару үшін жанкүйерлерге автобус бөлетін болды
Фото: «Алтай» футбол клубы
Өскемендік «Алтай» Қазақстан Премьер-лигасы екінші турындағы Семейдің «Елімайымен» кездесуіне барып-қайту үшін жанкүйерлерге арнайы автобус бөлетін болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Құрметті жанкүйерлер, 16 наурыз күні сағат 15.00-де Елордамызда тартысты матч өтеді. Шығыстың екі бірдей клубы «Алтай» мен «Елімай» Премьер-лиганың 2-ші турында 3 ұпай үшін күреседі. Бізді қолдауға даяр жанкүйерлерімізге дәл сол матчқа бару үшін клубымыз арнайы 48 орындық автобусты тегін бөлетін болады, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»