Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогі кезеңі өтеді

Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогі кезеңі өтеді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

26-29 наурыз күндері елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде семсерлесуден (шпага) Әлем кубогі кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Халықаралық додаға 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық сында ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, жүлде үшін 30-ға жуық отандық спортшы бақ сынайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»