Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Анна Данилина АҚШ-та WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Анна Данилина АҚШ-та WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге 1/4 финалда Мирра Андреева (Ресей) / Виктория Мбоко (Канада) жұбын жеңді.

Кездесу 7:6, 6:2 есебімен Данилина мен Круничтің пайдасына аяқталды.

Анна мен Александра WTA аясындағы турнирлерде қатарынан жетінші рет жартылай финалға шығып отыр. Еске салайық, биылғы маусымда бұл жұп Australian Open турнирінің финалында ойнап, Дохада өткен WTA 1000 жарысында чемпион атанған еді.

Финалға шығу үшін Данилина мен Крунич Кристина Букша (Испания) / Николь Меликар (АҚШ) жұбымен кездеседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»