4 сағат бұрын
«Атыраудың» бапкерлер құрамы жаңа мамандармен толықты
Фото: «Атырау» футбол клубы
«Атырау» футбол клубының бапкерлер штабы жаңа мамандармен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Клуб дәрігері қызметіне Сайлаубек Алишер тағайындалды. Қақпашылармен жұмыс бойынша бапкер - Алексей Булучевский. Ал дене дайындығы (ОФП) бойынша бапкер қызметін Спартак Бикмухаметов атқарады, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ бұдан бұрын Кирилл Морунов «Атырау» футбол клубының бас бапкерінің ассистенті қызметіне тағайындалды.
Наурыз айының басында «Атырау» ресми түрде Қазақстандық маман Владимир Чебуринді жаңа бас бапкер ретінде тағайындағанын жариялады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»