4 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ертіс» пен «Атырау» кездесуінің уақыты өзгерді
Фото: «Атырау» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы екінші турындағы «Ертіс» пен «Атырау» кездесуінің басталатын уақыты өзгерді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде атыраулық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесу 16 наурызда Павлодар қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Матч уақыты 15:00-ден 18:00-ге ауыстырылды. Бұл ұсынысты жанкүйерлердің көптеп келуі үшін «Ертіс» клубы берген.
Екінші тур ойындары 16 және 17 наурыз күндері өтеді. 16 наурызда жеті ойын өткізілсе, 17 наурызға 1 ойын белгіленген.
Премьер-Лига
2-тур
16 наурыз
14:00. «Ұлытау» - «Кызылжар» (youtube KFF League)
15:00. «Ертіс» - «Атырау» («Qazsport»)
15:00. «Елімай» - «Алтай» (SPORT+
17:00. «Тобыл» - «Жетісу» («Qazsport»)
19:00. «Қайсар» - «Астана» (SPORT+)
19:00. «Қайрат» - «Актобе» («Qazsport»)
20:00. «Жеңіс» - «Ордабасы» («Qazsport»)
17 наурыз
17:00 «Каспий» - «Окжетпес» («Qazsport»).
Алғашқы турдан кейін «Ақтөбе», «Астана», «Қайрат» командалары алғашқы үштікте келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»