4 сағат бұрын
Атырауда биыл 12 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион салынады
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Атырау қаласында халықаралық талаптарға сай 12 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион жобасы биыл басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Атырау облысының әкімдігі мәлім етті.
Жобаның тапсырыс берушісі - Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан салынбақ.
Қазіргі таңда аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасауға тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Нысанның жер учаскесі - 7,7 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы - 35 000 шаршы метр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»