3 сағат бұрын
Мбаппенің алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Мадридтің Реал Мадрид клубының француз шабуылшысы Килиан Мбаппе алаңға қайта оралуға жақын. Ол УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Манчестер Ситиге қарсы 1/8 финалдың қарымта матчына команда өтініміне енуі мүмкін.
Журналист Фабрис Хоукинстің мәліметінше, футболшының жағдайы жақсарған. Сондықтан ол Англияда өтетін ойынға қатысуы мүмкін. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 17-сінен 18 наурызға қараған түні өтеді.
Жақын күндері Мбаппе Мадридте медициналық тексерістен өтеді. Сол тексерістің нәтижесіне қарай оның матчқа қатысуы жөнінде соңғы шешім қабылданады.
Сондай-ақ шабуылшы алдағы уақытта Франция ұлттық футбол құрамасы сапындағы ойындарға да қатысуы мүмкін екені айтылды.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта Реал Мадрид өз алаңында Манчестер Сити клубын 3:0 есебімен жеңген. Мбаппе тізесіндегі мәселеге байланысты бірнеше ойынды өткізіп алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»