8 сағат бұрын
EURO-2027: футболдан Қазақстан жастар құрамасының тізімі жарияланды
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Чебурин 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде алдағы екі ойынға футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық футболшылар D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Англия, Словакия, Ирландия, Андорра, Молдова.
Қазірге дейін олар бес кездесуде бір мәрте жеңіске жетіп, бір мәрте тең ойнаса, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Алдымен Андорраны 1:0 есебімен жеңсе, одан кейін Англияға 0:2, Андорраға 0:1, Словакияға 1:2 есебімен есе жіберсе, Молдовамен 1:1 есебімен тең түсті.
Іріктеу кезеңі 2025 жылдың 5 маусымы мен 2026 жылдың 6 қарашасы аралығында болады.
Қақпашылар: Дулат Талыспаев («Жетісу»), Санжар Ерниязов («Қызылжар»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Қайсар»), Саламат Жұмабеков («Қайсар»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Ертіс»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Жасұлан Әмір(«Ордабасы»), Әлихан Серікбай («Қызылжар»), Никита Губарев («Қызылжар»).
Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»), Тамерлан Агиманов («Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Мирас Оматай («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Олжас Байбек («Қайрат»), Давид Есімбеков («Каспий»), Мүсілім Жұмат («Қайсар»), Николай Горобченко («Жеңіс»).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»), Сейф Попов («Алтай»).
Құраманың оқу-жаттығу жиыны 21 наурызда Шымкентте басталады. Наурыз айында отандастарымыз 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Түркістан қаласында екі матч өткізеді. Алдымен 27 наурызда Словакяимен кездессе, одан кейін 31 наурызда Ирландиямен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»