Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бапкер Виктор Кумыков Қазақстан чемпионатында жаңа клуб тапты

Бапкер Виктор Кумыков Қазақстан чемпионатында жаңа клуб тапты

«Тұран» командасы 62 жастағы ресейлік маман Виктор Кумыковты бас бапкер қызметіне тағайындағанын хабарлады, деп жазады Sport12.kz.

Ресейлік маман бұған дейін де Қазақстанда жұмыс істеген. Әр жылдары ол Көкшетаудың «Есіл», Семейдің «Елімай», Қарағандының «Шахтёр», Шымкенттің «Ордабасы», Қызылорданың «Қайсар» және «Атырау» клубтарын жаттықтырған.

Оның бапкерлік мансабындағы ең табысты кезең 2011–2014 жылдары Қарағандының «Шахтёр» клубында жұмыс істеген уақытқа сәйкес келеді. Оның жетекшілігімен команда екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, қазақстандық клубтар арасында алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде ойнады. Ал маманның өзі 2011, 2012 және 2013 жылдары қатарынан үш рет Қазақстанда «Жыл бапкері» атанды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»