8 сағат бұрын
Таиландтағы турнирінде қазақстандық 7 боксшы финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Futures Cup халықаралық турнирінде бүгін, 14 наурызда қазақстандық 7 боксшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел құрамасынан он спортшы жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Олардың 7-уі жеңіске жетсе, 3-уі қарсыласына есе жіберіп қойды.
Бүгін кешкі сессияда жартылай финалда Тимур Тайбеков (80 келі) қырғызстандық Усман Капаров, Хамза Мақсатұлы (75 келі) түркіменстандық Исмайл Оразмурадовты 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал күндізгі сессияда Камила Оспанова (70 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі), Досжан Жұмақан (60 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Жалғас Утебеков (90 келі) финалға жолдама алса, Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) Зарина Толыбай (75 келі), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі) қола жүлдегер атанды.
Беделді бәсеке 8-15 наурыз аралығында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»