7 сағат бұрын
Максим Самородов өз клубына ұпай әперді
Футболдан Грозныйдың «Ахмат» клубы Ресей Премьер-Лигасының 21-турындағы матчта тольяттилік «Акронмкн» тең түсті, деп хабарлайды Sport12.
27-минутта «Ахматтың» ойыншысы Георгий Мелкадзе қазақстандық шабуылшы Максим Самородовтың бұрыштамадан асырған пасынан кейін гол соқты. 49-минутта Исмаэл Силва екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылып, «Ахмат» аз құрамда қалдырды. 63-минутта «Акрон» шабуылшысы Артём Дзюбаның соққан добы офсайдқа байланысты есепке алынбады. Алайда 85-минутта Дзюба гол соғып, есепті теңестірді.
«Ахматтың» қазақстандық вингері Ғалымжан Кенжебек бұл ойында толықтай қосалқы құрамда қалды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов