Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Барселона» ірі жеңіске жетті

«Барселона» ірі жеңіске жетті

Футболдан Испания чемпионатында «Барселона» өз алаңында «Севильяны» 5:2 есебімен жеңіп кетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Ойынның алғашқы голын 9-минутта пенальтиді дәл орындаған «Барселонаның» шабуылшысы Рафинья соқты. 21-минутта ол матчтағы екінші пенальтиді де жүзеге асырып, дубль авторы атанды. Ал 38-минутта көк-қызылдардың жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо қонақтар қақпасына үшінші голды енгізді.

45+4-минутта «Севильяның» қорғаушысы Осо есеп айырмасын қысқартты, ал 51-минутта Рафинья хет-трик жасады. Тоғыз минуттан кейін каталониялық команданың қорғаушысы Жоау Канселу қонақтар қақпасына бесінші голды соқты.

90+2-минутта «Севилья» ойыншысы Джибриль Соу гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 2:5.

Қазіргі уақытта «Барселона» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. Көк-қызылдардың еншісінде 28 матчтан кейін 70 ұпай бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»