Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Көшбасшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында ойнайды 

Көшбасшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында ойнайды 

Фото: Қазақстан ҰОК

16 наурызда Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген спортшылар, соның ішінде ұлттық құраманың көшбасшылары қатысады.

Атап айтқанда, Қазақстан чемпионатында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева, Ескендір Харки, Альбина Жақсылықова, Ангелина Романовская және басқа да спортшылар өнер көрсетеді.

Жарыс барысында командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптар санаттарында медальдар сарапқа салынады.

Турнир 22 наурызда аяқталады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»