Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерден кешірім сұрады

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерден кешірім сұрады

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы 2-тур ойындары барысында телетрансляция кезінде тіркелген техникалық ақаулықтарға қатысты түсініктеме берді, Sport12.kz

«Ұлытау» – «Қызылжар», «Елімай» – «Алтай» және «Қайсар» – «Астана» матчтарының бірінші таймында өңірлердегі интернет байланысының тұрақсыздығына байланысты техникалық ақаулықтар тіркелді. Интернет желісіндегі қысқа мерзімді ауытқулар салдарынан кей сәттерде дыбыс жоғалып, трансляция сапасына әсер етті.

Мамандар тарапынан жедел түрде қажетті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде барлық матчтарда екінші таймнан бастап трансляция толық қалыпқа келтірілді.

- Қазақстан футбол федерациясы өңірлердегі трансляциялық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бағытында жергілікті атқарушы органдармен және клуб басшылықтарымен тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Көрсетілген қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз, - деп мәлім етті федерация.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»