6 сағат бұрын
Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың нақты тізімін бекітті
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне арналған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Тізімге 26 футболшы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев («Тобыл»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).
Айта кетейік, Қазақстан турнир аясында Намибия және Комор аралдарымен күш сынасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов