Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Оралхан Өміртаев кезекті рет «Оқжетпеске» ұпай әперді

Оралхан Өміртаев кезекті рет «Оқжетпеске» ұпай әперді

Көкшетаулық «Оқжетпес» Премьер-лиганың екінші турындағы сырт алаңдағы матчта ақтаулық «Каспийді» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Көкшетаулықтар» матчтың алғашқы минуттарынан бастап қарсыласынан сенімдірек ойнап, 25-минутта Василий Совпельдің күшімен есеп ашты. Бұдан кейін Ринат Әлюетовтың командасы есепті сақтап ойнады. Aлайда Ноа Ндомбази айып алаңы ішінен Мирослав Лобанцев қорғаған қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Кездесудің соңына қарай Оралхан Өміртаев үш минут ішінде қарсылас қақпасына екі әдемі гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады — 3:1.

«Каспий» — «Оқжетпес» 1:3 (0:1)

Голдар: Совпель 25 (0:1), Ндомбази 71 (1:1), Өміртаев 80 (1:2), Өміртаев 82 (1:3).

Өткен турда Оралхан Өміртаев «Елімай» қақпасына жасаған соққысы автогол ретінде тіркеліп, көкшетаулық 1 ұпай алған болатын.

Қазіргі сәтте көкшетаулықтардың еншісінде 4 ұпай бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»