5 сағат бұрын
ҚПЛ: екінші турдан кейін «Қайрат» көш бастады
Фото: KFF League
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы екінші турынан кейін көш басына шыққан команда белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екінші турдан кейін 6 ұпай жинаған «Қайрат» бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Астана», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Ұлытау» командаларының төрт ұпайы бар.
Бұл турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Қызылжар» (Петропавл) 1:0
«Ертіс» (Павлодар) - «Атырау» 1:1
«Елімай» (Семей) - «Алтай» (Өскемен) 1:1
«Тобыл» (Қостанай) - «Жетісу» (Талдықорған) 2:2
«Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» 0:0
«Қайрат» (Алматы) - «Ақтөбе» 1:0
«Жеңіс» (Астана) - «Ордабасы» (Шымкент) 0:2
«Каспий» (Ақтау) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:3.
Енді алдағы тур ойындары 20, 21, 22 наурыз күндері өткізіледі. Алдымен 20 наурызда «Қызылжар» мен «Ертіс», «Атырау» мен «Жеңіс», «Ордабасы» мен «Қайсар», «Астана» мен «Тобыл» ойнаса, 21 наурызда «Оқжетпес» пен «Ұлытау», «Жетісу» мен «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Елімай» шеберлік байқасады. Бұл турды 22 наурызда «Алтай» мен «Каспий» түйіндейді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»