5 сағат бұрын
ҚПЛ: сұрмергендер тізімінде көш басында кімдер тұр?
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы екінші турынан кейін сұрмергендер тізімінде кімдер көш басына шыққаны анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір барлығы 15 футболшы мергендік танытып үлгерді. Олардың арасынан қостанайлық «Тобыл» сапынан Жаслан Жұмашев пен «Оқжетпес» ойыншысы Оралхан Өміртаев екі гол соқты.
Бұл турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Қызылжар» (Петропавл) 1:0
«Ертіс» (Павлодар) - «Атырау» 1:1
«Елімай» (Семей) - «Алтай» (Өскемен) 1:1
«Тобыл» (Қостанай) - «Жетісу» (Талдықорған) 2:2
«Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» 0:0
«Қайрат» (Алматы) - «Ақтөбе» 1:0
«Жеңіс» (Астана) - «Ордабасы» (Шымкент) 0:2
«Каспий» (Ақтау) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:3.
Енді алдағы тур ойындары 20, 21, 22 наурыз күндері өткізіледі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»