Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«FIFA Series-2026» турниріне қатыса алмайтын қазақстандық футболшылар анықталды

«FIFA Series-2026» турниріне қатыса алмайтын қазақстандық футболшылар анықталды

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтің шешімімен наурыз айында өтетін «FIFA Series-2026» турниріне қатыса алмайтын ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қақпашы - Александр Заруцкий («Ақтөбе»); қорғаушылар - Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Дінмұхаммед Кашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандык Набиханов («Каспий»); жартылай қорғаушылар - Жан-Али Пайруз («Елімай»), Алмас Төлебай («Елімай»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Қайсар»), Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат («Тобыл»), Александр Зуев («Тобыл»), Георгий Жуков («Ақтөбе»); шабуылшылар - Рамазан Бағдат («Қайрат»), Дәурен Жұмат («Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Каримов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Елімай»), Оралхан Өміртаев (Айта кетсек, халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ұлттық құрамаларға арналған жаңа форматтағы FIFA Series турнирінің Астанада өтетін ойындарында үш құрама бақ сынайды.

Алғашқыда оған Қазақстан, Намибия, Комор аралдары және Кувейт қатысады деп жоспарланған еді. Енді Кувейттің бас тартуына байланысты ойындарды айналмалы жүйе бойынша өткізуге шешім қабылданды.

Алдымен қазақстандық футболшылар 25 наурызда Намибиямен шеберлік байқасса, 31 наурызда Комор аралдарымен жасыл алаңға шығады.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»