Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

«Хартс» Ислам Чесноков жайлы жазба жариялады

«Хартс» Ислам Чесноков жайлы жазба жариялады

Фото: «Хартс» футбол клубы

Шотландиялық «Хартс» клубы өзінің ойыншысы Ислам Чесноковты Қазақстан ұлттық құрамасына шақыру туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Клубтың Instagram-дағы ресми аккаунтында қазақстандық легионерге арналған «Ислам Чесноков Астанадағы FIFA series матчтарына қатысу үшін Қазақстан құрамасына шақырылды. Құтты болсын, Ислам!» деп жазылған.

Астанада FIFA series 2026 турнирі жаңартылған формат бойынша өтеді. Бастапқыда оған Қазақстан, Кувейт, Комор аралдары және Намибия сынды төрт құрама қатысуы керек еді. Алайда Кувейт құрамасы қатысудан бас тартты, сондықтан қалған үш команда айналмалы жүйеде өзара ойнайды.

Қазақстан «Астана Аренада» екі матч өткізеді. Алдымен 25 наурызда Намибияға қарсы ойнаса, 31 наурызда Комор аралдарымен шеберлік байқасады.

Ал 28 наурызда Намибия мен Комор арасында кездесу өтеді. Барлық ойындар жергілікті уақыт бойынша 17:00-де басталады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»