5 сағат бұрын
«Елімай» Арсен Әшірбектің денсаулық жағдайы туралы айтты
Фото: «Елімай» футбол клубы
Семейлік «Елімай» командасы ойыншы Арсен Әшірбектің денсаулық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан Премьер-лигасының 2-турындағы «Алтайға» қарсы кездесуде ойынның 60-минутында «Елімай» командасының ойыншысы Арсен Әшірбек допқа талас кезінде жарақат алған еді. Қазіргі таңда оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақты. Денсаулығына алаңдайтындай себеп жоқ, -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Арсен Әшірбек команда құрамына биыл қосылды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»