Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Сенегал Африка кубогына қатысты шағымданатын болды

Сенегал Африка кубогына қатысты шағымданатын болды

Фото. Cafonline.com

Сенегал CAS-ке Марокконың Африка кубогын жеңіп алу жөніндегі шешіміне шағымданады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Африка футбол конфедерациясының (CAF) апелляциялық комитеті 2025 жылғы Африка ұлттары кубогының финалдық матчы бойынша шешім қабылдады.

CAF апелляциялық комитеті Африка ұлттары кубогы регламентінің 84-бабына сәйкес, Сенегал құрамасына финалдық матчта техникалық жеңіліс тіркелсін деген шешім шығарды.

Еске салайық, осы жылдың 19 қаңтарында өткен финалда Сенегал құрамасы бас бапкері Папа Тиавтың нұсқауымен 98-минутта, пенальти белгіленгеннен кейін, алаңнан кетіп қалған болатын. Ойын 13 минуттан кейін қайта жалғасып, бастапқыда Сенегалдың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»