5 сағат бұрын
«Жеңіс» әйелдер клубы тәжірибелі футболшыны қатарға қосты
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
«Жеңіс» әйелдер футбол клубы қазақстандық тәжірибелі жартылай қорғаушы Камила Кұлмагамбетовамен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Камила – Қазақстан әйелдер футболындағы тәжірибелі әрі шебер ойыншылардың бірі. Ол бұған дейін жоғары деңгейде өнер көрсетіп, клубтық және халықаралық жарыстарда тұрақты ойын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының сапында да бірнеше маңызды матчтарға қатысқан.
Өткен маусымда Камила өз клубының сапында нәтижелі ойын көрсетіп, команда шабуылдарын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды. Ол чемпионатта бірнеше гол соғып, нәтижелі пастарымен ерекшеленді. Мысалы, Қазақстан чемпионатында ассист көрсеткіші бойынша көшбасшылардың бірі болып, 7 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»