4 сағат бұрын
«Ордабасы» клубының өз алаңындағы ойынына билет қалмады
Қазақстан Премьер-лигасының 3-туры аясында өтетін «Ордабасы» мен «Қайсар» матчы аншлагпен өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Ордабасы» клубының ресми аккаунтының хабарлауынша, онлайн сатылымға шығарылған барлық билеттер ойынға екі күн қалғанда толық сатылып кеткен.
Сонымен қатар, матч күні клуб танымал әншілер Айқын мен Жұбаныш Жексенұлын шақырып, Changan автокөлігін ұтысқа тігеді.
Еске салайық, Шымкент клубы мен Қызылорда командасы арасындағы кездесу 20 наурыз күні сағат 18:00-де өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов