Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Шаңғымен тұғырдан секіруден отандастарымыз Orlen Cup турнирінде тағы үш жүлде иеленді

Шаңғымен тұғырдан секіруден отандастарымыз Orlen Cup  турнирінде тағы үш жүлде иеленді

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан Orlen Cup халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

К-95 трамплинінде ересектер арасында сынға түскен Сергей Ткаченко жоғары нәтиже көрсетіп, 255,5 ұпаймен жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл бағдарламада күміс польшалық Анджей Стенкалаға (243,5 ұпай), қола Адам Нижникке (241 ұпай) бұйырды.

Ал жастар санатында да спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. 21 жасқа дейінгі атлеттер арасында Даниил Калинкин қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Артем Мешков үшінші орынға тұрақтады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»