Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

FIFA Series: Намибия құрамасы жайлы не білеміз?

FIFA Series: Намибия құрамасы жайлы не білеміз?

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріндегі қарсыласы Намибия құрамасы жайлы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Намибия футбол қауымдастығы 1990 жылы ел тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды. 1992 жылы ұйым FIFA құрамына кірді және CAF қатарына қосылды.

Бүгінде Намибия құрамасы ұлттық құрамалар арасындағы FIFA рейтингінде 118-орында тұр.

Намибия құрамасы алғашқы ресми кездесуін 1990 жылы Маврикий құрамасына қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жеңілген.

Команда Африка Ұлттар кубогының финалдық кезеңіне төрт рет қатысқан (1998, 2008, 2019 және 2023 жылдары). Ең үздік нәтижесі — 2023 жылы 1/8 финалға шығуы.

Елдің басты стадионы — ел астанасы Виндхук қаласында орналасқан «Тәуелсіздік стадионы». Арена 25 000-ға жуық көрерменге арналған және ұлттық құраманың негізгі алаңы саналады.

Намибиядағы ең титулды клуб — Black Africa. Бұл команда ел чемпионатын 10 мәрте жеңіп алған.

Ұлттық құраманың тарихындағы үздік бомбардир — Питер Шалулиле. Ол 52 матчта 19 гол соққан.

Ал құрамада ең көп ойын өткізген ойыншы — қорғаушы Дензил Гаосеб.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»