Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Әлемдік рейтингте қазақстандық футбол командалары қай орында келеді?

Әлемдік рейтингте қазақстандық футбол командалары қай орында келеді?

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Халықаралық Opta порталы әлем футбол клубтарының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оған Қазақстан Премьер-лигасының командалары да енгізілген.

Opta рейтингі бүкіл әлем бойынша 13 мыңнан астам команданы қамтиды. Тізім команданың жеке рейтингі (лигадағы нәтижелер), лига рейтингі (жалпы чемпионат қаншалықты күшті), сондай-ақ ел мен континенттің рейтингі негізінде құрылды.

КПЛ клубтары арасында ең жоғары орынды қазіргі ел чемпионы «Қайрат» иеленді. Бұл команда әлемдік рейтингте ол 486-шы орынды иеленді. Екінші орында «Астана» (591-ші орын), үшінші орында — «Тобыл» (877-ші орын) тұр.

Әлемдік рейтингте КПЛ клубтары келесі позицияларды иеленді:

1. «Қайрат» - 486 орын (+24)

2. «Астана» - 591 орын (-16)

3. «Тобыл» - 877 орын (-34)

4. «Ақтөбе» - 963 орын (-22)

5. «Елімай» - 1032 орын (-31)

6. «Ордабасы» - 1141 орын (+108)

7. «Жеңіс» - 1500 орын (-109)

8. «Оқжетпес» - 1629 орын (+198)

9. «Қызылжар» - 1687 орын (-81)

10. «Қайсар» - 1838 орын (+60)

11. «Каспий» - 1912 орын (-162)

12. «Атырау» - 1939 орын (+45)

13. «Ертіс» - 1957 орын (-7)

14. «Алтай» - 2087 орын (+82)

15. «Ұлытау» - 2323 орын (+130)

16. «Жетісу» - 2382 орын (+98).

Алдағы үшінші тур ойындары 20, 21, 22 наурыз күндері өткізіледі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»