3 сағат бұрын
«Шахтер» футбол клубының әйелдер командасы құрылды
Фото: «Шахтер» футбол клубы
«Шахтер» футбол клубының тарихында алғаш рет әйелдер командасы құрылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клуб құрылымында әйелдер командасы жасақталып, «Шахтер» атынан ҚПЛ деңгейінде өнер көрсетеді.
Құрамның негізін 2005–2010 жылы туған клуб тәрбиеленушілері құрайды. Тек екі ойыншы Астана футбол клубынан шақырылды, қалғаны - жергілікті футболшы қыздар.
Команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сәуір айының ортасында өтетін екінші жиынға дайындалуда.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»