6 сағат бұрын
«Тұран» клубының жаңа қожайыны белгілі болды
Дінмұхаммед Идрисов, Forbes Kazakhstan рейтингінің қатысушысы, Түркістан облысындағы «Тұран» футбол клубының иесі атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Кәсіпкерге тиесілі Ordabasy Group баспасөз қызметі бұл ақпаратты Forbes Kazakhstan тілшісіне растады.
Электронды сауда 20 наурызда өтті. Футбол клубына жаңа иені екінші әрекеттен кейін тапты. Алғашқы сауда 2026 жылдың наурыз айының басында өткен болатын: клубтың бастапқы бағасы 1,054 млн теңге болып белгіленген (бұл құнды бағалаушы 2025 жылғы 30 желтоқсанда анықтаған). Алайда ол кезде бірде-бір өтінім түспей, сауда өтпей қалды. Қайта өткізілген саудада бастапқы баға үштен біріне төмендетіліп, 737,8 мың теңге болды. Соған қарамастан, қорытынды баға 1,1 млн теңгеге жетті.
Актив үшін екі қатысушы бақ сынады, нәтижесінде Идрисов жеңіске жетті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов