Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

QJ League-да қандай өзгерістер болды?

QJ League-да қандай өзгерістер болды?

Freedom QJ League қатысушылары құрамында бірқатар өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz

«Таразға» қатысты жағдай барлық өңірлер үшін көрсеткішке айналды. Клуб тек әкімдіктің араласуынан және стадион бойынша нақты жұмыстар басталғаннан кейін ғана А лигасындағы орнын сақтап қалды. Соған қарамастан, қазіргі таңда да қатысу шартты түрде — 6 сәуірге дейін нысан УЕФА стандарттарына сәйкес сертификаттан өтуі тиіс. Әйтпесе, шешім қайта қаралуы мүмкін.

Осы жағдай аясында «Атырау» В лигасына төмендетілді. Өңірде қазіргі таңда А лигасының талаптарына сай келетін стадион жоқ. Матчтарды өзге өңірде өткізуге рұқсат етілмейді. Себебі, лига командалардың логистикасын орталықтандырылған түрде қамтамасыз етеді.

Бос қалған орынды жоғары жас санаттарында ҚФФ Академиясы иеленеді. Бұл құрылым бастапқыдан-ақ инфрақұрылым және ұйымдастыру талаптарының барлығына толық сәйкес келеді. Ал кіші жас санаттарында «Атлетико» жобасы күшейеді.

«Ұлытау» QJ League құрамынан спорттық қағида бойынша шығып қалды. Команда қатарынан екі маусым бойы В лигасында соңғы орын алған.

Жаңа қатысушы ретінде «Жайық» қосылды. Ол іс жүзінде «Ақжайық» ФК құрылымындағы ойыншыларды мұраға алған команда болып саналады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»