4 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ордабасы» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті
Фото: kffleague.kz
Қазақстан Премьер-лигасында үшінші турында Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Қызылорданың «Қайсарынан» басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында шымкенттік клубтан Димитар Митков 13, Никола Антич 16-минутта екі гол соғып кетті. Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Бұл - шымкенттік клубтың қатарынан екінші жеңісі.
Бұл ойыннан кейін «Ордабасы» 7 ұпаймен бірінші орынға көтерілсе, «Қайсар» 2 ұпаймен он екінші орынға төмендеді.
Енді 5 сәуірде өз алаңында «Ордабасы» Петропавлдың «Атырауды» қабылдаса, «Қайсары» Петропавлдың «Қызылжарымен» шеберлік байқасады.
Бүгін үшінші турда «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 0:0, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ертіс» (Павлодар) 2:2 есебімен тең ойнады.
Дәл қазір «Астана» мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуінде елордалық клуб 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.
Енді 21 наурызда 14:00:-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ұлытау» (Жезқазған), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Бұл турды 22 наурызда 15:00-де «Алтай» (Өскемен) мен «Каспий» (Ақтау) түйіндейді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»