Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» турнир кестесінде «Қайратты» артқа тастап кетті

ҚПЛ: «Астана» турнир кестесінде «Қайратты» артқа тастап кетті

Фото: kffleague.kz

Қазақстан Премьер-лигасында үшінші турында елордалық «Астана» өз алаңында Қостанайдың «Тобылынан» басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында елордалық команда белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Иван Башич 24-минутта есеп ашса, Мақсат Абраев 66-минутта басымдықты арттырды.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Бұл жеңістен кейін олар турнир кестесінде 7 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 7, «Қайраттың» 6 ұпайы бар.

Ал «Тобыл» бір ұпаймен он екінші орында тұр.

Енді төртінші турда сырт алаңда «Астана» 4 сәуірде алматылық «Қайратпен» ойнаса, «Тобыл» семейлік «Елімаймен» шеберлік байқасады.

Бүгін үшінші турда шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңсе, «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 0:0, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ертіс» (Павлодар) 2:2 есебімен тең ойнады.

Дәл қазір «Астана» мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі өтіп жатыр.

Енді 21 наурызда 14:00:-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ұлытау» (Жезқазған), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.

Бұл турды 22 наурызда 15:00-де «Алтай» (Өскемен) мен «Каспий» (Ақтау) түйіндейді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»