Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Атырау» футболшылардың жалақысына қатысты қиындық туралы хабарлады

«Атырау» футболшылардың жалақысына қатысты қиындық туралы хабарлады

Фото: «Атырау» футбол клубы

«Атырау» команданың кездесіп отырған қаржы қиындығына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәдім етті.

- Ақпан айының соңында 2026–2028 жылдарға арналған команданы қаржыландыру бойынша тендер жарияланды. Қатысу барысында кейбір құжаттарды рәсімдеуде қиындықтар туындады.

Осыған байланысты конкурс қайта жарияланды. Қазір клуб құжаттарды түзетіп, өтінімді қайта тапсыруға дайындалып жатыр.

Қаржыландыру сәуір айының басында түседі деп күтілуде. Осыдан кейін қызметкерлер, жаттықтырушылар және футболшылар жалақысын алады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, биыл атыраулық клуб тізгінін қазақстандық маман Владимир Чебурин ұстады.

Қаазқстандық маман оған дейін Литваның «Жальгирис» клубында 2021-2025 жылдары еңбек етті. Нәтижесінде 2021, 2022, 2024 жылдары Литва чемпионы атанды.

Сондай-ақ ол Литвада 2014 жылы «Круоя», 2016-2019 жылдары «Судува» клубтарында жетекшілік етті.

Ал елімізде 2007-2010, 2015 жылдары қарағандылық «Шахтёр», 2011-2013 жылдары көшетаулық «Оқжетпес» клубтарында қызмет атқарды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»