10 сағат бұрын
«Ахмат» қазақстандықтарға қатысты шешімін жариялады
Ресей Премьер-Лигасының 22-туры аясында Грозныйдың «Ахмат» клубы өз алаңында «Ростовты» қабылдайды.
Кездесу «Ахмат-Аренада» өтеді және Қазақстан уақытымен 15:45-те басталады.
Матч алдында алаң иелерінің бастапқы құрамы белгілі болды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойынға алғашқы минуттардан қатысады. Ал жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек кездесуді қосалқы құрамнан бастайды.
Еске салсақ, 21 турдан кейін «Ахмат» 27 ұпаймен турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр. Ал «Ростов» 22 ұпаймен 11-орында орналасқан.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»